Есімі ерекше қария таңдау жасады

Кезектен тыс ҚР Президентінің сайлауында қазыналы қарт көпшілікке өмірлік кеңестерін жекткізді. Ел игілі жолында өткізіліп отырған сайлаудың мән-мағынасын жастарға түсіндірді.
– Қашанда қазыналы қарттар ел тыныштығын ойлайды. Талай қиындықты бастан өткердік. Біздің бала кезіміз нағыз қилы кезеңге тап болды. Соғыс жылдарын көзіміз көрді. Қалжыраған халық бой түзу үшін барын салды. Ал қазір барылығы орында. Бізегемендіктің қадірін білуіміз қажет. Іргесі сөгілген, тыныштығы бұзылған қаншама ел бар. Әрбір адам осы күнге тәубешілік ету керек. Әркез сайлауда қалмауға тырысамын. Азаматтық ұстаным – елге бірге маңызды науқанға белсенді қатысу. Менің замандастарымның қатары сиреді. Үлкейген сайын ертеңгі күн қалай болады деп алаңдаймыз. Өткенді саралаймыз. Келер күннен зор үміт күтеміз. Қартайған шағымызда балаларымыздың амандығы қымбат. Еліміз бейбітшілік күнде жарқырай берсін, жайнай берсін – деді қазыналы қарт.