Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Алғаш рет дауыс берді

Алғаш рет дауыс берді

Бүгін №156 сайлау учаскесі бойынша кезектес тыс Президент сайлауында алғаш рет кент тұрғыны Бағым Зинаддинұлы дауыс берді. Саяси науқанда белсенділік танытқан жас сайлаушыға арнайы сыйлық берілді.

Қазіргі уақытта кент тұрғындары сайлау учаскесіне бірте-бірте келуде. Бәріде ерекше мерекелік көңіл-күйді сезінуде.

Бақылаушы ретінде келген саяси партиялар мен қоғамдық ұйым өкілдері жұмыстарын жалғастыруда. Әзірге заң бұзушылықтар анықталған жоқ. мересін ертіп келген жандар өз таңдауларын белсенді түрде жасауда. Кезектен тыс өтіп жатқан Президент сайлауында жастар белсенділік танытуда. Әрине, келешегінен зор үміт күттіретін сырдариялық жастар  саяси науқанда ауызбіршілік танытады.  Әрбір ауылда 18 жасқа толған жастар саяси науқанның мән-мағынасын ұғынуда. Олар ертеңгі күнге сеніммен қарайды. Сондықтан сайлауда заңдылықтарға сүйеніп, өзі қалаған кандидатқа дауыс береді.

«Әлбетте, көпшілікпен бірге  дауыс беру негізгі мақсатым еді. Расында, сайлау учаскесіне ерте келгенді жөн деп таптым. Өйткені бұл сайлау еліміздің болашағын айқындайтын саяси науқан екені даусыз. Бұл ретте,  одан қалыс қалуға болмайды», – деді кент тұрғыны Бағым Зинаддинұлы. 
20 қараша 2022 ж. 290 0