Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Саяси науқанда өз таңдауымды жасадым

Саяси науқанда өз таңдауымды жасадым

Бүгін елімізде маңызды саяси оқиға Президент сайлауы өтуде. Қазақстан бойынша барлық өңірлерде сайлау учаскелері таңғы 7.00 ден қызу жұмыс жасап жатыр.

Бүгін алдағы 7 жылымызды айқындайтын Президент сайлауы өтуде. Бізді алдымызда оң өзгерістер күтіп тұр. Оны халық болып, қоғам болып бірге жасауымыз қажет. Қазақстанның келешегі жарқын болса дейміз. Балаларымыз, немерелеріміз жақсы кезеңде Қазақстанның дамыған, өркендеген кезінде өмір сүрсе деп ойлаймыз. Мен Қазақстан азаматы ретінде кезектен тыс Президент сайлауында өзім қалаған кандидатқа дауыс бердім. Таңертең кент тұрғындарымен бірге белгіленген сайлау учаскемізге келіп, белсенділік таныттық. Ел Тәуелсіздігін нығайту жолында саяси науқанның маңызы зор. Барлық аудан тұрғындарын белсенді түрде дауыс беруге шақырамын! Біз осындай сындарлы сәттерде бірлігімізді көрсетіп, дұрыс таңдау жасауымыз маңызды. Елімізде әлеуметтік жағдай жақсарса, әркез тұрақтылық орын алады. Әркез ана-мен балаға барлық қамқорлық көрсетілуі тиіс.  Ел экономикасы жақсарып, сайлаудан кейінгі әрбір күніміз жарқын болағанын қалаймын. Барлық қазақстандықтарға тілеулестік аналық тілегімді арнаймын. Сайлау ауданда жақсы өтуде.


Әсия МАСИЛОВА,
кент тұрғыны
20 қараша 2022 ж. 206 0