101 жастағы соғыс ардагері бірінші болып сайлауда дауыс берді
Ұлы Отан соғысының ардагері, 101 жастағы қария Яхия Тасыров бірінші болып сайлау учаскесінде дауыс берді.
Сырдариялық соғыс ардагері бірлікті ту етіп, елдің дамуына негіз болатын саяси науқанға әрбір азаматтың бей-жай қарамау қажеттігін айтты.
Сырдариялық соғыс ардагері бірлікті ту етіп, елдің дамуына негіз болатын саяси науқанға әрбір азаматтың бей-жай қарамау қажеттігін айтты.
Майдангер 1922 жылы дүниеге келген. Ол сұрапыл соғыс басталғанда небәрі 19 жаста болған. Жастық жалыны мен күш-қайратын Отан қорғауға жұмсаған азамат соғыстың бас кезінде броньмен қалдырылған. Осы кезде Ленинградтан, Ресейдің басқа да үлкен қалаларынан тоқыма мата комбинаттары Ташкентке қоныс аударғаны белгілі. Себебі соғыс жағдайында олар эвакуацияланды. Бұл Ташкенттің тоқыма-мата комбинатының жұмыс ауқымының кеңеюіне әсер етті. Яхия Тасыров күндіз-түні жұмыс басынан табылды. Дегенмен 1941 жылдың желтоқсан айында тоқыма-мата комбинатының іргесіндегі Фрунзе аудандық әскери комиссариатына шақырылып, майданға аттанады.
Айту керек, снаряд жарықшағы тиіп жараланған жауынгер Яхия Тасыров осы жолы «Қызыл жұлдыз» орденіне ұсынылады. Бұл награда Я.Тасыровқа 1947 жылы соғыстан соң тапсырылды. Бүгінде ардагер көптеген орден және медальдардың иегері, Сырдария ауданының «Құрметті азаматы». Батагөй қартқа түрлі мерейтойларында бірнеше рет автокөлік кілті табыс етілген.
Қазыналы қария өз таңдауын жасағаннан кейін ақ батасын беріп, сәттілік тіледі.
Айта кетейік, өңірде 373 сайлау учаскесі және 482 934 сайлаушы бар.