Партиялық бақылау тобы жатақхана жағдайымен танысты

Жұмысшы топ құрамына аудандық мәслихат депутаттары, БАҚ өкілдері болды.
Сырдария аграрлы-техникалық колледжінің жатақханасы 2015 жылы қайта жаңғыртудан өткен. 68 орындық жатақханада қазіргі таңда 35 студент бар. Олар колледжден білім алып, жатақханада тұрады. Жатақханада студенттер үшін барлық жағдайлар жасалған. Атап айтқанда тренажер залы, акт залы, медициналық бекет, асхана, демалыс бөлмесі, жуыну, киім үтіктеу бөлмелерімен қамтамасыз етілген. Жатақхана бейнебақылау жүйесіне қосылған.
"ТТ" ақпарат