Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан орталығы абаттандырылуда

Аудан орталығы абаттандырылуда

Соңғы жылдардың көлемінде аудан орталығын абаттан­дыруға ерекше көңіл бөлінуде. Тереңөзек кентіне кіреберістен бастап оның тазалығына мән берумен қатар, бағдаршам орнату, ойын алаңдарын салу, басты көшені жөндеу, аяқ жол салу, көше жарығын заманауи талаптарға сай ету жұмыстары қарқын алған. Бұл орайда тереңөзектіктердің талап-тілегі назардан тыс қалған емес.

Осыдан біршама уақыт бұрын А.Алиак­баров көшесіндегі көпқабатты тұрғын үй тұрғындары сол маңды абаттандыру туралы өтініштерін білдірген. Тұрғындармен аудан әкімі М.Ергешбаев арнайы кездесіп, абат­тандыру жұмыстары қолға алынатынын тілге тиек етті. Жоба дайындау, мердігер мекемені анықтау секілді тиісті кезеңдерден кейін көше бойында құрылыс жұмыстары бас­талды.

– Тереңөзек кентіндегі тұрғын үй аула­ларын абаттандыру аудан басшысының қол­дауымен жүзеге асуда. Тұрғын үй аулалары заманауи талаптарға сай жаңғыратын болады. Бұл жұмыстар қазан айының екінші онкүндігінде бастау алып отыр. Негізгі іске асыру мерзімі 3 айды қамтиды. Құрылыс жұмыстарын «Асанас-Дар» ЖШС атқаруда. Жобаның жалпы құны – 111 472,0 мың теңге. Абаттандыру жұмыстары толық аяқ­тал­ғанда кент тұрғындарына қолайлы жағ­дай болмақ, – дейді аудандық тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас­шысы Жеңісбек Файзуллаев.

Жақын күндері құрылыс жұмыстарының басталғанына көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары қуаныштарын білдіруде. Алдағы уақытта бұл маңда автотұрақтар, балаларға арналған ойын алаңдары пайда болады.

Аудан орталығында көшені жөндеу жұ­мыстары биыл да жалғасын табуда. Өткен жыл еншісінде кенттегі басты көше – А.Иманов көшесі күрделі жөндеуден өтсе, биыл басты көшелердің бірі – И.Тоқтыбаев көшесі де орташа жөндеуден өткізілуде. Атап айтқанда, ұзын көшенің қос қапталына тротуар салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Орташа жөндеу жұмыстарын «Компания Бауыржан құрылыс» ЖШС жүргізуде. Жоба бойынша көше бойына тротуар төсеу, бетонды лоток орналастыру қарастырылған. Қазіргі таңда мердігер мекеме тарапынан бордюр орнатып, тас төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Негізінен, құ­рылыс жұмыс­тары қыркүйек айында бас­тал­ған болатын.

– Көшенің бойына тротуар салынып жат­қаны қуантады. Өйткені, бұл көшенің бойымен күнделікті көлік ағылып жатады. Кейде көпшіліктің тротуардың болмағандығынан жолдың ортасымен жүріп бара жатқанын байқайсың. Оның адам өміріне қауіпті екені белгілі. Ал енді жолдың екі жақ бетіне де жаяу жүргінші жолы салынып жатыр. Мұның кент тұрғындарына өте қолайлы болатыны анық. Сондықтан сапалы және уақытылы аяқталғанын күтіп жүрміз, – дейді көше тұрғыны Б.Иманғалиев.

Аудан орталығын абаттандыру жұмыс­тарының нәтижесінде кент келбеті көркейіп келеді. Алдағы жылдардың еншісінде де ауқымды жобалар жүзеге аспақ. Оның та­лант­тардың өлкесі саналатын кент көркін ай­шықтайтыны айқын.

Е.БЕРКІНБАЕВ
18 қазан 2022 ж. 716 1

Natalia от 17 мамыр 2025 01:27
Way cool! Some very valid points! I appreciate you penning this write-up and the rest of the website is really good. casino en ligne fiable Wow! After all I got a weblog from where I be able to really get valuable information concerning my study and knowledge. casino en ligne I wanted to thank you for this very good read!! I certainly enjoyed every bit of it. I've got you book-marked to look at new stuff you post… meilleur casino en ligne Hello to every body, it's my first pay a visit of this web site; this website includes amazing and genuinely excellent stuff for readers. casino en ligne fiable Hi there i am kavin, its my first time to commenting anyplace, when i read this piece of writing i thought i could also create comment due to this brilliant piece of writing. casino en ligne I've been exploring for a little bit for any high quality articles or weblog posts on this kind of house . Exploring in Yahoo I at last stumbled upon this website. Reading this info So i am glad to express that I have an incredibly excellent uncanny feeling I came upon exactly what I needed. I most for sure will make certain to do not overlook this website and give it a glance regularly. casino en ligne Hi, I log on to your new stuff daily. Your humoristic style is witty, keep it up! casino en ligne France It's actually a great and helpful piece of information. I'm happy that you just shared this helpful information with us. Please keep us informed like this. Thanks for sharing. casino en ligne Woah! I'm really digging the template/theme of this website. It's simple, yet effective. A lot of times it's very difficult to get that "perfect balance" between usability and appearance. I must say that you've done a fantastic job with this. Additionally, the blog loads very quick for me on Internet explorer. Superb Blog! casino en ligne francais Hey very nice blog! casino en ligne