Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандағы маңызды мәселе

Аудандағы маңызды мәселе

ҚАЗІРГІ ТАҢДА АУДАН ОРТАЛЫҒЫН ГАЗ ДАНДЫРУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ. ХАЛЫҚТЫ КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТУ САПАЛЫ ІСКЕ АСУЫ ТИІС. ОСЫ БАҒЫТТА АУДАН ӘКІМІ Р.РҮСТЕМОВ ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСЫ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ.
Кенттегі А.Тоқмағамбетов көшесінде аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Бахтияров есепті мерзімдегі атқарылып жатқан жұмыстар жайын баяндады. Бүгінгі таңда бас мердігер «Әлия-Сервис» кент көшелеріне газ құбырларын жүргізіп қойды. Жос пар бойынша биыл 3 газ реттегіш пункт арқылы тұрғын үйлерге газ орнатылмақ. – Газдандыру – әлеуметтік саясат. Сондықтан бұған мұқият болуымыз қажет. Тұрғындар үшін газ орнату қолайлы болуы тиіс, – деген аудан басшысы газ орнатудың орташа есептегі бағасы жөнінде мердігер компания өкілдерімен сөйлесті. Газдандыру жұмысы барысымен танысқан соң аудан басшысы тұрғындардың талап-тілегін тыңдады. Аталған көше бойымен Қаракөл каналы өтеді. Мұндағы автокөлік жүретін көпір жақтаулары құлаған. Көше тұрғындары осыған алаңдаулы. Мұның балаларға қауіпті болып тұрғанын жеткізді. Сонымен бірге, тұрғындар кент орталығында жүретін маршруттың көшенің аяғына дейін баруы туралы ұсыныстарын білдірді. Халықтың талап
тілегін тыңдаған аудан басшысы мәселелер жақын арада шешімін табатынын айтты. Мұнан кейін аудан әкімі «Майжарма» каналының темір жол бекеті тұсын аралап көрді. Мұнда биылғы жылы А.Әлиакбаров және С.Усабаев көше лерін жалғайтын көпір салынбақ. Бұл тұрғындардың көптен бергі арманы. Осы жерде аудан басшысы тереңөзектіктердің тазалыққа қатысты ұсыныстарын тыңдады. «Сана тазармай, аула тазармайды» деген аудан басшысы кент тазалығын сақтауда тұрғындарда жауапкершілік болу қажет тігін ескертті. Келесі кезекте аудан әкімі аудан орталығындағы жаңа қоныстану аймағына барды. Бұған дейін Тереңөзек кентінде жаңа қоныстану аймағы берілгені белгілі. Соның жалғасы ретінде тағы бір жаңа аймақтың инфрақұрылымдық жұмыстары жүргізілуде. Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы А.Әбдуов республикалық бюджеттен Тереңөзек кентіндегі жаңа ықшам аудан инфрақұрылымын электрмен жабдықтау жұмысына тиісті қаржы игеріліп, осы мезетте мердігер мекеме кестеге сай жұмыс
жүргізіп жатқанын жеткізді. Жоба аяқталған кезде тұрғындарға кезектілік бойынша 746 жер телімі беріледі деп күтілуде. Жалпы, қазіргі таңда кент бойынша 968 адам жер кезегінде тұр. Алдағы уақытта жаңа аймаққа ауыз су жеткізу, жол салу жұмыстары кезең-кезеңімен іске аспақ. Кент көшелерін аралаған аудан әкімі Н.Ілиясов және Қ.Бөдеев көшелерін жалғайтын жол құрылысы жұмысымен де танысты. Мердігер мекеме «Қыран» ЖШС-нің бас инженері Қонысбай Шалболовпен сөйлесіп, жол сапалы салыну керектігін айтты. Бұл жолдың ұзындығы 850, ені 6 метрді құрайды. Мердігер мекеме екі аралықтағы «Майжарма» және «Айтбай арық» каналына диаметрі 1,5 метрді құрайтын темір бетонды су өткізгіш құбырларын орнатқан. Бүгінде жол құрылысы жұмысының 70 проценті аяқталған. Негізі жоспар бойынша қазан айында бітіру қажет. Бас инженердің айтуынша мекеме жұмысты мерзімінен бұрын аяқтамақ.
Е.БЕРКІНБАЕВ
21 қыркүйек 2019 ж. 619 0