Сырдария ауданында «Жолда сақ болыңыз» акциясы ұйымдастырылды

Осыған орай, Сырдария ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен аталған күре жолдың бойында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «Жолда сақ болыңыз» акциясы ұйымдастырылды.

Еріктілер ұзақ жолдан шаршап, қалғып келе жатқан жүргізуші мен жолаушыларға ұйқыашар ретінде ыстық кофе мен тәтті тоқаштар үлестіріп, сапарларына сәттілік тіледі.
Жүргізушілер мен жолаушылар акцияны ұйымдастырушыларға өз алғыстарын жеткізді.
Айта кету керек, биылғы жылдың 8 айында Қызылорда өңірінде 247 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның салдарынан 91 адам қаза болып, 304 адам түрлі дене жарақатын алған. Сондай-ақ, 8 айдың қорытындысымен республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автожолының бойында барлығы 68 жол көлік оқиғасы тіркелсе, оның басым бөлігі Қызылорда қаласынан Ақтөбе облысына қарай бағыттағы ІІ техникалық санаттағы жолда орын алған.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі