Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Акцияға аудан тұрғындары тартылды

Акцияға аудан тұрғындары тартылды

Облыс көлемінде қазан айының 18-19 күндері «Жолда қабылдау» акциясы өтуде. Оған қоса учаселік полиция инспекторларының қатысуымен «Аулада қабылдау» кең ауқымды республикалық акциясы ұйымдастырылуда. Осыған орай аудан көлемінде де аталған іс-шаралар өткізіліп, тұрғындардың қоғамдық тәртіпке қатысты талап-тілегі тыңдалуда. Шараның мақсаты – полиция бөліністерінің қызметіндегі әртүрлі мәселелері бо­йынша, оның ішінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет көрсету, көші-қон заңнамаларын сақтау және тағы да басқа мәселелер бойынша азаматтардың проблемалық сұрақтарын жедел шешу болып табылады.
«Жолда қабылдау» акциясы бұған дейін бірнеше рет өткізілді. Тұрғындар толғандырып жүрген са­уалдарын қойып, біршама мәселенің басын ашып алған еді. Бұл жолы да кейбір жол қауіпсіздігі тұрғысындағы мәселелерді сұрап білуде.
Арнайы ұйымдастырылған топ акция аясында қоғамдық тәртіпке қатысты тұрғындар сауалдарына жауап беруде, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

«ТТ» ақпарат
19 қазан 2019 ж. 547 0