Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімдігінің отырысы өткізілді

Аудан әкімдігінің отырысы өткізілді

Аудан әкімі М.Ергешбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі отырысы өткізілді.

Мәжілістің күн тәртібіне сәйкес, күзгі егін жинау науқанының өту барысы және өзекті мәселелері және ауданда жаппай кәсіпкерлікті дамыту туралы 2 мәселе қаралды.

Алдымен аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Н.Жұмабеков аудандағы егін жинау науқанының барысы бойынша хабарлап, негізгі деген мәселелерді атап өтті.

Биылғы жылы ауданда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 33098 гектарға (2021 жылы 33220 га, 122 га кем) ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырды.

Бүгінгі таңда аудан бойынша егілген негізгі дақыл күрішті ору, бастыру жұмыстары қарқынды жүруде. Күріш дақылының 13924 гектары орылып, 11108 гектары бастырылып, орта өнімі 56,5 цн/га келуде.

Күзгі егін жинау науқанына барлығы – 954 дана (оның ішінде 225 комбайн, 115 жатка, 350 трактор, 201 трактор тіркемесі, 63 тасымал автокөлігі) ауыл шаруашылығы техникалары қатысуда.

Сонымен қатар, ауданда жаппай кәсіпкерлікті дамыту туралы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Н.Бисембаев хабарлама жасады.

Хабарламада Cырдария ауданы бойынша 2022 жылдың 1 қыркүйегіне 2713 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, оның ішінде жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2565 болып, жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелгендерге үлесі 94,5 пайызды құрағандығы айтылды.

2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда тіркелген кәсіпкерлік субьектілері 2,8 пайызға (73 бірлікке), оның ішінде жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілері 4,1 пайызға (100 бірлікке) өскен.

Апараттық мәжілісте қосымша мәселе ретінде әлеуметтік желілерде тұрғындарымен кері байланыс және көтерілген мәселелер төңірегінде аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б. Смайловтың хабарлама тыңдалды.

Әрбір көтерілген мәселеге уақытылы және сапалы жауап беруді ұйымдастыру, мемлекеттік бағдарламалар мен атқарылған жұмыстарды әлеуметтік желілер арқылы ақпараттандыру туралы айтылды.

Жиын соңында аудан әкімі сала басшыларына атқарылып жатқан жұмыстардың сапалы мен мерзімінде аяқталуын тапсырды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
23 қыркүйек 2022 ж. 361 0