Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қамба толды астыққа

Қамба толды астыққа

Ауданда егін шаруашылығы жақ­сы дамыған. «Күз – береке айы» дегендей биылғы жиын-теріМ қысқа мерзімде табысты аяқталды. Аудан бойынша 33110 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, жиналып алынды. Оның ішінде басты дақыл – Сыр салысы 21126 гектарға егіліп, оның әрбір гектарынан 63,5 центнерден өнім алынды. Бұл бұрын-соңды болмаған жоғары өнім. Күріштен алынған 134158 тонна алтын дән қамбаға құйылып, келесі жылдың егісіне 5200 тонна күріш тұқымға қалдырылды.
Аудан бойынша егілген 1752 гектар жаздық бидайдан 21074 центнер өнім алынып, әрбір гектардың өнімділігі 12 центнерді құрады. Сондай-ақ арпадан 313 центнер, мақсарыдан 270 центнер өнім алынды. Картоп, көкөніс, бақша дақылдарын жинау жұмыстары толығымен аяқталды. 310 гектар картоптан 6541 тонна, әр гектардан 211 центнер, 190 гектар көкөністен 4275 тонна, әр гектардан 225 центнер, 320 гектар бақшадан 8992 тонна, әр гектардан 281 центнерден өнім алынды.
Аудан бойынша егін жинау науқанына 219 комбайн, 113 жатка, 346 трактор, 197 трактор тіркемесі, 66 тасымал автокөлігі қатысты. Шаруашылықтарда машина-трактор паркін жаңарту жұмыстары соңғы жылдары қарқынды жүргізілді. Бүгінде шаруашылықтар шетелдік заманауи, жоғарғы технологиялық ауыл шаруашылығы техникаларына басымдық беріп келеді. Аудан бойынша биылғы жылдың 8 айында «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ы арқылы 687 млн теңгеге 18 дана бұдан басқа өз қаржыларының есебінен 646 млн теңгеге 38 дана ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алды. Барлығы 56 техника 1 млдр 333 млн теңгеге сатып алынды. Бұл көрсеткіш өткен жылы 1 млрд 77 млн теңгені құраған болатын. Онда барлығы 38 техника сатып алынған.
Егіншілік саласындағы Үкімет тарапынан берілетін субсидиялау ережелеріне сәйкес тұқым, тыңайтқыш, су беру қызметтері бойынша шаруашылық құрылымдары өтінімдерін «Qoldau.kz» веб-порталы арқылы тапсырып, жұмыс жүйелі жүргізілді.

Ш.Нұрсейітова
20 қазан 2020 ж. 599 0