Жол қозғалыс қауіпсіздігі басты назарда
Осыған дейін оқыс оқиғалардың алдын алу және тұрғындардың өтініштерін орындау мақсатында демеушілік есебінен облыстық маңызы бар Қызылорда - Жалағаш автомобиль жолына бағдаршам орнату жұмыстары бойынша жобалық сметалық құжаттама әзірленген болатын. Ағымдағы жылы аудан әкімінің қолдауымен аудандық бюджеттен тиісті қаржы бөлініп, бағдаршам құрылғысы орнату бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде бүгінгі күні мердігер мекеме тарапынан (Мердігер - ЖК Н.Кушеков, жоба авторы- " Clobal ADN Groupp" ЖШС-гі) бағдаршам құрылғысы іске қосылып, тұрғындарға пайдалануға беріліп отыр.
Ендігі кезекте аудан тұрғындары тарапынан бағдаршам орнатылған аумақтан тиісті талаптарды орындап, жол ережесін сақтап жүруді сұраймыз.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі











