Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№97 газет

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Жол қауіпсіздігі – басты назарда !

Жол қауіпсіздігі – басты назарда !

Жол-көлік оқиғасына түрлі факторлардың әсер ететіні белгілі. Мұндай келеңсіздіктер табиғи жағдайларға, жол сапасына және жол қауіпсіздігіндегі маңызды элементтердің бірі – жол белгілері мен таңбаларына байланысты.

Бүгінгі күні аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан Тереңөзек кентінде орналасқан бағдаршамдар әрленіп, жөндеу және қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қазіргі таңда елді мекендердің автомобиль жолдарына жол үсті таңбалары (разметка) сызылуда.

Жалпы 2022 жылға аудандық бюджеттен тиісті қаржы бөлініп, мердігер тарапынан тұрғындардың көп шоғырланатын орындарына (мектеп, балабақшалар) барлығы 60 дана жол белгілерінің 40 данасы орнатылып, жол белгілерінің бағаналарын түзету, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Айдарлы ауылы тұрғындарының ұсыныстарын орындау мақсатында аудандық бюджеттен тиісті қаржы бөлініп, облыстық маңыздағы Қызылорда-Айдарлы-Ботабай автожолының Айдарлы ауылы № 139 орта мектеп тұсында оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында жылдамдық тоспасын қою жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар бөлім тарапынан тұрақты бақылауға алынған.


Сырдария аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық,

жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі


19 тамыз 2022 ж. 628 0