Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ынтымақтың ұйытқысы

Ынтымақтың ұйытқысы

Айбарлы Ата Заңымыз – Тәуелсіз мем­ле­кетіміздің тірегі, тұрақ­тылық пен келісім­нің, бей­бітшілік пен жасампаздықтың айқын ке­пілі.

Ел Конституциясының арқа­сында Қазақстан халқы өзін демок­ратиялық, зайырлы, құқық­тық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды. Соның негізінде қоғам мен биліктің тұрақтылығы қамтамасыз етіл­ді. Конституциялық принцип жә­не оның нормасы еліміздің еге­мендігін, экономикалық реформасын нығайтудың бас­ты құралына айналды. Елде заң­дылық пен конституциялық тәр­тіптің салтанат құруы негізгі қағида саналады. Заңдылықты бұлжытпай орындау немесе сақтай білу жауапкершілігі Қазақ­станның тұрақты дамуына жағдай жасап келеді. Мемле­кетіміздің өзекті деген бағыт-бағдарындағы барлық құқықтық қызметтің өркен жаюына Ата Заңымыз жол ашып берді. Осы арқлы әрбір азамат өзін мемлекет міндетті түрде қорғай алатынын нық сезінді, конституциялық заңдылық азаматтар мен адам­дардың құқығына және бос­тан­дығына нақты кепілдік береті­ніне кәміл сенді.

Ел егемендігін алғаннан бергі уақыт ішін­де конституциялық және құқықтық жүйені эво­люциялық тұрғыда сатылап реформалау нәти­жесін­де мем­лекеттік биліктің тиімді жүйесі қалыптас­ты. Конститу­ция бо­йынша еліміздің басқару билігінің үш түрі – заң шығарушы, атқа­рушы және сот билігінің құзырет­тері нақтыланған. Биліктің заң шығарушы тармағы – Парламент, атқарушы тармағы – Үкімет, сот билігін тек қана сот жүзеге асырады.

Мемлекеттің басты құжатына сәйкес, сот жүйесі органдары ел дамуына, азаматтардың әлеуметтік ахуалын реттеп, құ­қықтық көмек көрсетуге қыз­мет жасайды. Конституцияда Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп бекітілсе, бұл – Ата Заңымыздың бұлжымайтын темірқазығы 27 жыл ішінде өзге­рістер мен толықтыруларға талай түскен Конституцияда өз мәнін жоғалтқан емес.

Ата Заң – Қазақстан Президентінің бей­біт­шілік пен келісімді нығайтып, мемле­кеттік билік пен басқаруды жүйелейді. Сол себепті де Қонсти­туцияны түрлі саладағы түбе­гейлі реформаларды орын­даудағы, демократиялық институт­тарды дамытып, әлеу­меттік жаңғыртуды жүзеге асырудағы нық қадам­дарының берік тұғыр­намасы санаймыз. Сондықтан Қазақстан халқы Ата Заңдағы өз құқықтарын нақты біліп, сол заңдылықтарды ұстанып, ел дамуына елеулі үлес қосса, мемлекетіміз қарқынды дами түсетіні анық. Бұл тұста, әрбір қазақстандың еліміздің басты құжатына құрметпен қарауы қажет.

Баршаңызды Қазақстан Рес­пуб­ликасының Конституциясы­ күнімен шын­ жүректен құттық­таймын! Ата­ За­ңымыздың айбарлы болсын!

Р.Алдамбергенов,
Сырдария аудандық сотының төрағасы
30 тамыз 2022 ж. 361 0