Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 84 газет

04 қараша 2025 ж.

№83 газет

01 қараша 2025 ж.

№82 газет

29 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
» » Құрылысшыларға құрмет

Құрылысшыларға құрмет

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев Құрылысшылар күні кәсіби мерекесіне орай аудандағы құрылыс саласының ардагерлері мен қызметкерлеріне құрмет көрсетті.

Мұрат Нәлхожаұлы құрылысшыларды құттықтап, ауданның дамуына мереке иелерінің үлесі зор екендігін жеткізді.

«Құрылысшы құрметті де мәртебелі мамандық. Құрылыс – қашанда экономиканың негізгі драйвері саналады. Құрылыс саласының серпіні елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер етеді. Бүгінде ауданымыз бұл салада жақсы жетістіктерге жетіп жүр. Ауданымыздың әлеуеті мен экономикасының дамуына қосқан елеулі үлестеріңіз үшін ерекше алғысымды білдіремін», – деді аудан әкімі.

Бүгінгі қабылдауда саланың қарқынды дамуына үлесін қосып жүрген бірқатар құрылыс саласының ардагерлері мен қызметкерлері аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
12 тамыз 2022 ж. 759 0