Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » БАЙЫРҒЫ ҚҰРЫЛЫСШЫ "АУДАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ" АТАНДЫ

БАЙЫРҒЫ ҚҰРЫЛЫСШЫ "АУДАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ" АТАНДЫ


Аудан әкімі Ғ.Қазантаев ауданның құрылыс саласын дамыту бағытында адал еңбек еткен байырғы құрылысшы Мариа Бəйімбетоваға «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» атағын табыстады.
Аудан басшысы құрылыс саласының ардагерімен кездесуде ауданның құрылыс саласының жетістіктеріне тоқталып, еңбек ардагерінің ізгілікті ісі өз жалғасын тауып жатқанын айтты.
– Сіздер құрылыс саласында қиын кезеңдерде еңбек еттіңіздер. Аудандағы ғимараттардың салынуына, ел игілігіне пайдалануға берілуіне үлес қостыңыздар. Қазіргі таңда Сіздердің бұл жүйелі жұмыстарыңыз өз жалғасын тауып келеді. Мәселен, жақында ғана көпқабатты тұрғын үй құрылысы аяқталып, 42 азамат қоныс тойын тойлады,-деген аудан басшысы қарқын алған құрылыс алдағы уақытта да бәсеңдемейтінін атап өтті.
Ашық-жарқын әңгіме барысында еңбек ардагері Мария Бәйімбетова аудандағы құрылыс жұмыстарының қарқындылығын баспасөз арқылы оқып отыратынын айтып, асар әдісімен көпір салудың Сырдария ауданында өзіндік үлгісі қалыптасқанын мақтаныш ететінін жеткізді.
«Сырдария ауданының Құрметті азаматы» атанған ананы «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ұлмекен Жаналиева ауданның барлық қыз-келіншектерінің атынан құттықтап, зор денсаулық тіледі.
Сырдария ауданы əкімінің баспасөз қызметі.
05 қаңтар 2019 ж. 898 0