Асқарлықтардың төрт түлігіне шөп керек
Сырдария ауданы А. Тоқмағамбетов ауылының тұрғындарына аудан әкімі М.Ергешбаев есепті кездесуін өткізді.
«А. Тоқмағамбетов ауылын газдандыруды жүргізу жобасына өтінім жолданды. Қазіргі таңда сараптамадан өткізілуде. Сараптама қорытындысы шығысымен ары қарай тиісті жұмыстар жүргізілетін болады», – деп атап өтті аудан басшысы.
Тұрғындар аяқсу, жол мәселесі және де төрт түліктеріне азық болар шөп мәселесін көтерді.
Биылғы жылы шаруашылықтардың егіс көлемі азайғандықтан шөп мәселесінде қиындықтар туындаған.
Аудан басшысы бұл шешілетін мәселе. Көршілес ауылдардың барлық шаруашылықтарында шөптер бар және де оны осы ауылға қол жетімді бағада сатуды ұйымдастыруды сала басшыларына тапсырды.
Ал аяқ су мәселесіне келгенде, ауылды айналып өтетін жанама каналды тазарту үшін, құжаттандыру мәселесін тез арада шешуді ауыл әкімдігіне жүктеді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі