Аманкелдідегі кездесу дәрігерлік амбулаторияда өтті
Аманкелді ауылындағы аудан әкімі М. Ергешбаевтың кездесуі дәрігерлік амбулаторияның алдында өтті.
Бұл ауыл және оған жақын орналасқан Айдарлы, Жетікөл ауылдары үшін бұл дәрігерлік амбулаторияның орны ерекше. Аудан орталығынан шалғай жатқан ауыл тұрғындары бір аурухана сұрағаны біраз болды. Аурухана ашу бюджет тапшылығына сәйкес мүмкін емес. Ал алдын алу, күндізгі ем-дом жүргізу үшін күндізгі стационар жұмыс жасайды. Ең қуанатын жағдай анализ тапсыру үшін ауданға сабылмай, осы емханада арнайы лоборант штаты ашылып, осы жерде қабылдау жүргізілуде. Бұл аталған ауылдар үшін уақыт және қаржы үнемдеуге өте қолайлы болды.

Тұрғындар өз алғыстарын жеткізіп, алдағы уақытта шешілуі тиіс аяқсу, қоғамды қауіпсіздік, кәсіпкерлік және тағы да басқа мәселелерді көтерді.
Аудан әкімі әрбір тұрғынның мәселесін тыңдап, тез арада шешу жолдарын қарастыруды тиісті сала басшыларына жүктеді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі