Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Бақшалы ауыл Іңкәрдариядағы кездесу

Бақшалы ауыл Іңкәрдариядағы кездесу

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев тұрғындармен кездесуі аясында Іңкәрдария ауылының тұрғындарымен кездесіп, ауылдың тыныс-тіршілігімен танысты.

Жиналған жұртшылық кездесу барысында аудан әкіміне ауылдағы түйіткілді мәселелер бойынша талап-тілектерін білдірді.

Аудан басшысы әрбір тұрғынның сауалдарына жеке-жеке тоқталып, барлық ұсыныс-пікірлер ескерілетінін және шешілу жолдарын қарастыратынын жеткізді. Бұл ауылдың негізгі кәсібі ата кәсіп мал шаруашылығы мен бақшалық егіс болғандықтан, шаруалардың басты талап тілегі аяқ су мәселесіне қатысты аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлы тиісті сала басшыларына су жеткізу мәселесін шұғыл қарастыруды тапсырды.

Сонымен қатар, аудан әкімі ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының басты көрсеткіші ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік саласының дамуымен, алдағы жоспарларға да тоқталды. Ауыл шаруашылығынан бақшалық көкөністерді аймағымызға кеңінен таратып отырған Іңкәрдария еңбеккерлеріне алғысын білдірді.





Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
20 мамыр 2022 ж. 861 0