Аудан басшысы М.Ергешбаев: Қалжан Ахунға газ келер күн алыс емес
Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев ауданға қарасты Қалжан Ахун ауылына жұмыс сапарымен барып, тұрғындармен кездесті.
Аудан әкімі ауыл халқы алдында 2022 жылдың өткен мерзімінде жасалған жұмыстарды баяндап, алдағы күндері атқарылатын істерді пысықтады.
Аудан әкімі ауыл халқы алдында 2022 жылдың өткен мерзімінде жасалған жұмыстарды баяндап, алдағы күндері атқарылатын істерді пысықтады.
«Қалжан Ахун ауылы іргелі ауылдардың бірі. Шаруашылығы жолға қойылған, бірлігі артқан, азаматтары республикаға белгілі ауыл. Бұл ауылдың мәселелерімен жіті таныспыз. Арнайы ауыл әкімі, ауылдық қауымдастық кеңес, тиісті сала басшыларымен барлық мәселе айтылып жүр. Басты көшелеріңіз Қайқы батыр атындағы көшені жөндеуге ұсыныс түсті. Бұл мәселеге қатысты келер жылдың жобасына ұсынудамыз. Басқа да мәселелер кезеңімен шешілетін болады. Бір қуанышты жаңалық Қалжан Ахун ауылына газ тарту мақсатында 330,5 млн теңге 2023 жылға республикалық бюджеттен қаржыландыруға бюджеттік өтінімі ұсынылды. Қолдау тапқан жағдайда газдандыру жұмыстары жүргізілетін болады», – деді аудан әкімі.
Аудан әкімінің сөзінен кейін ауыл тұрғындары сұрақтарын қойып, ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Елді мекен тұрғындарының талап-тілектерін тыңдаған аудан басшысы барлық сұрақтарды саралап, тиісті жауабын айтты.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі