Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бағдарлама аясында төрт елді мекенге газ келеді

Бағдарлама аясында төрт елді мекенге газ келеді

Бүгін облысқа жұмыс сапарымен келген ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров ауданға қарасты Ақжарма ауылына келді.

Министр ақжармалық тұрғындармен кездесіп, онда аудан басшысы Мұрат Ергешбаев «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында елді мекендерде атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Ұлттық экономика министріне бағдарлама аясында ауыл көшелеріне жүргізілген жөндеу жұмыстарын баяндаған аудан әкімі:

– Бағдарламаның тиімділігі тіректі елді мекендердің көп мәселелерін шешіп беруде. Былтыр аудан орталығы – Тереңөзек кентіндегі орталық стадионға және А.Иманов көшесіне күрделі жөндеу жүргіздік. Сондай-ақ Ақжарма елді мекеніндегі кейбір көшелер орташа жөндеуден өтіп, түнгі шамдармен жарықтандырылды. Ал биыл аталған бағдарлама шеңберінде Ақжармадағы бес көше жөнделді. Олардың қатарында Маутай Әукенов, Оспан Ысқақов, Тұрсын Балапанов, Есжан Омаров және Садық ахун атындағы ауылішілік көше бар. Негізгі жұмыстар шілде айында аяқталуы тиіс болатын, бірақ қазір жол құрылысының жұмысы уақытынан бұрын жөнделді, – деді Мұрат Нәлхожаұлы.

Еске сала кетейік ағымдағы жылы аудан әкімдігі «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында бірнеше жоба ұсынған. Оның ішінде төрт елді мекенді (Шаған, Қалжан ахун, А.Тоқмағанбетов, С.Сейфуллин) газдандыру, аудан орталығы мен ауыларалық автомобиль жолдарын жөндеу және жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстары бар.






Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
30 мамыр 2022 ж. 407 0