Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№75 газет

03 қазан 2026 ж.

№74 газет

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 газет

26 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Шаған ауылының тұрғындары белсенді

Шаған ауылының тұрғындары белсенді

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев Шаған ауылына барып, тұрғындармен кездесті.

Еркін форматта өткен бас қосуда аудан басшысы ауданда атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы күндері іске асатын жоспарлармен бөлісті.

Жиналған жұртшылық кездесу барысында аудан әкіміне ауылдағы түйіткілді мәселелер бойынша, нақтырақ айтсақ көше жөндеу, жарық мәселесі, ауыз су, аяқ су, аурухана мәселелері төңірегінде талап-тілектерін білдірді.

Аудан басшысы әрбір тұрғынның сауалдарына жеке-жеке тоқталып, барлық ұсыныс-пікірлер ескерілетінін және шешілу жолдарын қарастыратынын жеткізді.

Сонымен қатар, алдыңғы кездесулерде көтерілген бірқатар мәселелердің шешімін айтты.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
10 тамыз 2022 ж. 519 0