Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі М. Ергешбаев: Әрбір іске және қаралатын жобаларға қауымдастық жиыны қатысу керек

Аудан әкімі М. Ергешбаев: Әрбір іске және қаралатын жобаларға қауымдастық жиыны қатысу керек

Кеше аудан әкімі Мұрат Ергешбаев Тереңөзек кентіндегі О. Мәлібаев елді мекенінің тұрғындарымен кездесті.

Еркін форматта өткен басқосуда аудан басшысы ауданда атқарылған жұмыстарды қысқаша айтып, алдағы күндері іске асатын жоспарларымен бөлісті.

Жиналған жұртшылық кездесу барысында аудан әкіміне елді мекендегі түйіткілді мәселелер бойынша, нақтырақ айтсақ, көше жөндеу, көше жарығы, балалар ойын алаңы, медицина саласындағы қызмет көрсету секілді мәселелер төңірегінде талап-тілектерін білдірді.

Аудан басшысы Мұрат Нәлхожаұлы әрбір тұрғынның сауалдарына жеке-жеке тоқталып, барлық ұсыныс-пікірлер ескерілетінін және шешілу жолдарын бірлесіп қарастыруды ұсынды. Арнайы қауымдастық жиынын О. Мәлібаев елді мекеніне бөлек арнайы құрып, барлық жобаларды осы жиында талқылап, сол жиынның шешімі негізінде ұсыныстар енгізуді кент әкіміне тапсырды. Алдағы уақытта барлық ұсыныс-пікірлерді тыңдау үшін және осы жиындағы көтерілген мәселелердің орындалуы бойынша аудан әкімі тұрғындармен тағы да кездесетіндігін жеткізді.
01 маусым 2022 ж. 355 0