Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№23 газет

31 наурыз 2026 ж.

№22 газет

28 наурыз 2026 ж.

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Кеше аудан әкімі Мұрат Ергешбаев кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Жеке қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі әлеуметтік көмек беруді, жұмыспен қамту, тұрғын үй алу сынды өтініштерін жеткізді.

Аудан әкімі әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес шешілу жолдарын қарастыруды және әрбір мәселе бойынша тұрғындарға жауап беру бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмалар берді.

Айта кету керек, осы уақытқа дейін аудан басшысы 32 жеке қабылдау өткізіп, 136-ға жуық азаматтың мәселесін саралады.

Бұдан бөлек тоқсан сайын аудан көлеміндегі елді-мекендерде атқарылған жұмыстар бойынша аудан әкімінің арнайы тұрғындармен кездесулері өткізіліп келеді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

06 тамыз 2022 ж. 700 0