Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Түйіткілді мәселелер түйіні тарқайды

Түйіткілді мәселелер түйіні тарқайды

«Халық үніне құлақ асатын Үкімет» қағидаты бойынша әкім­дер халықпен жиі кездесіп, тұрғындардың талап-тілегін тың­дауда. Аудан әкімі М.Ергешбаев елді мекендерді аралап, түйт­кілді мәселелердің түйінін тарқату үшін ел-халықтың пі­кірін тыңдап, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеуде. Бұл жолы аудан басшысы Тереңөзек кентіндегі О.Мәлібаев елді мекенінің тұр­ғындарымен кездесті.

Өз алдына ауылдық округ болған О.Мәлі­баев елді мекені осыдан 9 жыл бұрын әкім­шілік-аумақтық өзгерістерге байланыс­ты Те­­­рең­өзек кентіне қосылған болатын. Аудан орталығына қосылғаннан кейін кейбір мә­селелер өз уақытында шешімін тапса, бұл жақта қордаланған мәселелер де же­тер­лік. Аудан әкімімен кездесуде елді мекен тұрғындары сол мәселелердің бірқатарын қоз­ғады. Атап айтқанда, көшелерді жөндеу, жарықтандыру, балалар ойын алаңын салу, медицина са­ласындағы қызмет көрсетудің сапасын арттыру, әлеуметтік ғимараттарға күрделі жөндеу жүргізу, елді мекенді абат­тан­дыруға қатысты ұсыныс-пікірлерін жет­­кізді.

Аудан басшысы әрбір тұрғынның сауалына жеке-жеке тоқталып, барлық ұсыныс-пікірлер ескерілетінін және шешілу жолдарын бірлесіп қарастыруды ұсынды. Арнайы қауымдастық жиынын О.Мәлібаев елді мекеніне бөлек құрып, барлық жобаны осы жиында талқылап, сол жиынның шешімі не­гізінде ұсыныстар енгізуді кент әкіміне тапсырды. Қауымдастық жиын негізінде тұрғындар қордаланған мә­селелерді өзара ақылдасып шешіп, бірінші кезекте қандай мәселе кезек күттірмейтінін назарға ұсынады. Атқарушы билік сол бо­йынша тиісті жұмыстарды атқарады. Алдағы уақытта барлық ұсыныс-пікірді тыңдау үшін және осы жиындағы көтерілген мәселелердің орындалуы бойынша аудан әкімі тұрғындармен тағы да кездесетіндігін жеткізді.




«ТТ» ақпарат

04 маусым 2022 ж. 427 0