Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Берекелі Бесарықтағы кездесу

Берекелі Бесарықтағы кездесу

Кеше аудан әкімі Мұрат Ергешбаев Бесарық ауылдық округінде болды. Онда тұрғындармен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Бесарық ауыл соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Жоспарлы инфрақұрылым жүргізіліп, халықтың тұрмыс-тіршілігіне қажетті жан-жақты жұмыстар атқарылуда.

Биылғы жылы аталған елді-мекенде бірден ұзындығы 8,4 км, құны 246,0 млн. теңгені құрайтын 6 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, 380 млн.теңгеге жаңадан спорт кешенінің құрылысы салынуда.

Аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлы тұрғындардың талап-тілектеріне орай, тиісті сала басшыларына нақты шараларды қолға алуды жүктеді. Аудан басшысы барлық ұсыныстар бақылауында болатындығын жеткізді.


Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
09 тамыз 2022 ж. 350 0