Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Батырлар ауылының тірлігі бекем

Батырлар ауылының тірлігі бекем

Кеше аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың ауылдық округтердегі кездесуі батыр ауылы Нағи Ілиясовта жалғасты. Аудан басшысы жергілікті халықпен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Нағи ауылы республикаға танымал, келбеті келіскен, көрікті, «Үлгілі ауыл» номинациясының бірнеше дүркін иегері атанған елді мекен. Ауылдың әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жоғары, күрделі мәселелер жоқ, көп шаруа ауыл тұрғындарымен келісе отырып, шешімін тапқан.

Ауыл тұрғындары қосымша кәсіп ашуға, орта және шағын бизнесті дамытуға ыңғайланған.
Сондықтан тұрғындардың аудан басшысына деген сұраулары кәсіп ашу және оған қаражат тарту төңірегінде болды. Жеңілдетілген несиелер алу, қайтарымсыз гранттар бойынша ұсыныстар айтылды.

Аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлы ауыл азаматтарының кәсіп ашуға деген ынтасына ризашылығын білдіріп, тиісті сала басшыларына ауыл тұрғындарына толық түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды.







Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі


19 мамыр 2022 ж. 797 0