Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Оралда ломбардқа қарақшылық шабуыл жасаған тонаушы қамауға алынды

Оралда ломбардқа қарақшылық шабуыл жасаған тонаушы қамауға алынды


Орал қаласындағы шағын аудандардың бірінде орналасқан ломбардқа қарақшылық шабуыл жасаған ер адам қамауға алынды. Оның қылмыс жасаған сәті сол жердің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Сондай-ақ күдікті бұған дейін де тонаушылықпен айналысып, өзгелерден ақша тартып алған екен. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Орал қалалық ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Бисеновтің айтуынша, Орал қаласындағы Қонаев атындағы шағынауданда орналасқан ломбардқа келген 1984 жылғы күдікті сол жердің қызметкерін пышақпен қорқытып, 105 мың теңге алып кеткен.
Ломбард тонаған күдікті сенбі күні қолға түскен. Қазір ол уақытша оқшаулау изоляторында қамауда отыр. Күдікті қамауға алығанға дейін бірнеше рет қарақшылық шабуыл жасап, қаржы тартып алумен айналысқан.
«Қазіргі кезде күдіктіге қарсы ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оған төрт эпизод бойынша айып тағылып отыр. Қазіргі уақытты бұл іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді Орал қалалық ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары Нұрлан
09 сәуір 2018 ж. 1 144 0