Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Астанада несие беретін мекемені тонаған екі жігіт ұсталды

Астанада несие беретін мекемені тонаған екі жігіт ұсталды


Кеше кешкі сағат шамамен 19:00 кезінде Бөгенбай батыр даңғылында орналасқан ғимаратқа маска киген екі азамат баса көктеп кіріп, 500 мың теңге көлеміндегі ақшаны алып кеткен. Жедел іздестірудің нәтижесінде полицейлер ұрыларды бірден ұстады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Бұзақылар кассирге пышақ кезеп, 500 мың теңге көлеміндегі ақшаны тартып алған. 24.kz арнасының мәліметіне қарағанда, жедел басқару орталығының камерасына түскен күдіктілер көп ұзамай қолға түскен.
Тінту кезінде 23 пен 25 жастағы екі жігіттен суық қару мен 428 мың теңге шамасында ақша тәркіленді. Қарақшылар қашқан уақытта ұрланған қаражаттың біразын түсіріп алған
Қазіргі кезде ұрыларға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
30 желтоқсан 2017 ж. 948 0