Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркияда Ресей елшісін өлтірді деген күдікті ұсталды

Түркияда Ресей елшісін өлтірді деген күдікті ұсталды


Андрей Карловты 2016 жылы 19 желтоқсанда «Калининградтан Камчаткаға дейінгі Ресей саяхатшының көзімен» атты фотокөрмеде сөз сөйлеп тұрған жерінде атып өлтірген болатын. Мәліметтер бойынша, қастандық жасаған адам полиция қызметкері Мевлют Алтынташ, ол өзі қауіпсіздік күштерінің операциясы нәтижесінде жойылды.
Sabah хабарлауы бойынша, күдікті Х.Е. Анкарада сот залына әкелініп, оны аталған іспен айналысушы прокурор Адем Акынжи тергеді. Бұдан соң сот күдіктіні қамауға алу туралы шешім шығарды. Оған елшіні өлтіруді ұйымдастырды деген айып тағылды.
Ақпаратта айтылғандай, Х.Е. бұған дейін Фетхуллах Гүлен ісі бойынша ұсталған екен. Ол кезде күдікті Гүлен ұйымымен жұмыс істегенін, алайда 2008 жылы барлық байланысты үзгенін айтқан.
Күдікті Guru Medya баспасына жетекшілік жасап келген. Türksoy, Gündem Rusya, Gündem Avrasya сияқты журналдар шығарған және Eurasian House ұйымының бас директоры болып жұмыс істеген. Бұл ұйым 2016 жылы желтоқсанда Мәскеуде «Түрік-ресей қатынастарына экономикалық көзқарас» деген конференция ұйымдастырып, оған Түркияның Ресейдегі елшісі Хусейн Дириоз қатысқан
25 қараша 2017 ж. 1 408 0