ҚЫЗЫЛОРДАДА ТОЙДАҒЫ ТӨБЕЛЕСТЕ АДАМ ҚАЗА БОЛДЫ
Қызылорда қаласындағы мейрамханалардың бірінде қайғылы жағдай орын алды. Тойға келген жас жігіт алған пышақ жарақаты салдарынан қаза тапты, деп хабарлайды http://lenta.inform.kz Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алдын ала деректер бойынша, ол тойда біреумен сөзге келіп қалған. Қазір күдікті қолға түсті.
«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары жүргізілуде. Басқа да ақпараттар Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді», деп хабарлайды Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.