Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Су тасқынының алдын алу шаралары

Су тасқынының алдын алу шаралары


Қызылорда облысы ТЖД Дағдарыс орталығында ҚР Президенті Аппаратының Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінің сарапшысы Жылқыбай Ақболат Әжіханұлының қатысуымен «Қызылорда облысы аумағындағы су тасқынының алдын алу шаралары» тақырыбында жиналыс өтті.
 Жиынға су тасқыны кезеңіне қатысты облыстық мекеме, ұйымдардың және АҚ қызметтерінің басшылары қатысты. Жиналыстың негізгі мақсаты -  су тасқынын болдырмау және оның алдын алу бағытындағы іс-шараларды пысықтау болды.  
Жиналыс барысында Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі О. Қ. Бержанов өз баяндамасында тиісті мекемелерден облыс аумағындағы Сырдария  өзеніндегі судың деңгейі мен ауа райы туралы күнделікті ақпараттар алынып, Сырдария өзеніне мониторинг жұмыстарының жүргізілуі, ТЖД жеке құрамымен халық арасында жүргізіліп жатқан түсіндірме жұмыстары, су тасқыны орын алған жағдайда аса қауіпті учаскелерге жақын орналасқан тұрғындарды хабардар ету және қауіпсіз орынға көшіру жұмыстары, сонымен қатар көктемгі су тасқыны кезінде жұмылдырылатын күш-құралдардың дайындығы туралы мәлімдеді. 
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 
Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімі  
29 қараша 2017 ж. 2 236 0