Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ


Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу аясында Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс бөлімінің қызметкерлері құтқарушылардың тәжірибелік іс-қимылдарын көрсете отырып "Ашық есік күнін" ұйымдастырды.

Іс-шараға Қызылорда қаласының «Абылайхан» және «Жас Өркен» колледждерінің студенттері шақырылды.
Қызылорда облысының ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі А. Төлешев студенттерге Азаматтық қорғаныстың тарихын айтып өтті. Ол өз сөзінде студенттерге өздері таңдаған мамандықтың халықты құтқару бағытталған кәсіп ең игілікті екенін атап өтті.
Көрмеде техникалар мен құралдарды көрсету кезінде студенттер Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің негізгі және арнайы техникаларымен танысты. Студенттерді ерекше қызықтырғаны өртті сынау зертханасы бар көлік.
Апаттар медицинасы орталығы филиалының қызметкерлері студенттерге өкпені жасанды және оттегі беру модулін, ішінде медицинаға арналған бұйымдар жиынтығы бар алғашқы көмек көрсету чемоданын көрсетті.
Бұған қоса АЛ-30 өрт сөндіру автосатысының көмегімен адамдарды эвокуациялау бойынша тәжірибелік іс-қимылдар көрсетілді. Сондай-ақ ашық есік күніне қатысушылар №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы көрсеткен өрт сөндіру кезіндегі жедел іс-әрекеттін қызығушылықпен тамашалады.

04 наурыз 2018 ж. 1 184 0