ШҰҒЫЛ ӘРЕКЕТ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Дария бойын жағалай орналасқан соң кез келген уақытта су қаупі болуы мүмкін. Оның үстіне айтып келмейтін апат қыс және көктем мезгілдерінде айтарлықтай қауіпті. Міне, сол кезеңдерде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты мақсат болып табылады. Ол үшін ауданда құтқару топтарының сақадай сай болуына арнайы оқу-жаттығулар өткізілуде.
Жоспар бойынша жақында тағы бір командалық-штабтық оқу-жаттығу ұйымдастырылды. Оған аудан көлеміндегі барлық құтқару топтары қатысып, төтенше жағдайда жасалатын шұғыл жұмыстарды пысықтады.
«Қысқы кезең жағдайына төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қымилдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерді даярлау»тақырыбы бойынша өткен облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығу барысын оқу-жаттығу басшысы, аудан әкімінің орынбасары Е.Ахетов, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ғ.Жаңабаев, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің төтенше жағдайларды жою бөлімі бастығының міндетін атқарушы Ә.Марданов, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік өрт бақылау тобының аға инженері Ж.Каюпов, оқу-жаттығудың штаб басшысы аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Н.Бахтияр бақылады.
Алдымен, дабыл соғылғаннан кейін тиісті хабарламалар беріліп, шұғыл әрекет жасалды. Одан кейін «Сырдариясушар» мекемесінің ауласында техникалар мен қызметтер сапқа тұрғызылып, шұғыл әрекет тобының техникалары нақтыланды. Сондай-ақ, тексеруші топ аудандық мәдениет үйінде орналасқан жинақтау пунктіндегі жедел әрекет жұмысымен де танысты. Бұл жерде апатты жағдайдан зардап шеккен тұрғындарға арнайы көмектер көрсетіледі. Біріншіден, оларды тіркеп алады, содан кейін ауқаттандырады және жатын орынмен қамтамасыз етеді. Бақылаушы топ С.Сейфуллин елді мекенінде орналасқан қабылдау пунктін де көрді. Мұнда да зардап шеккен халыққа жедел түрде көмек көрсетіліп, тұрғындар жағдайы жасалмақ. Міне, төтенше жағдай орын алғанда осындай шұғыл әрекеттер жасалады. Оқу-жаттығу барысында аталған жұмыстар пысықталып, жедел құтқарушы топтардың шұғыл әрекеттері сараланды. Әрине, құтқарушы топтардың қандай жағдайда да сақадай сай болғаны керек. Алайда, айтып келмейтін табиғаттың «тосын сыйынан» сақтасын дейміз.

Е.БЕРКІНБАЕВ
Пікір 2