Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің халықпен кездесуі Айдарлы ауылынан басталды

Аудан әкімінің халықпен кездесуі Айдарлы ауылынан басталды

ҚР Президенті «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығына сәйкес бүгін аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың халықпен кездесуі басталды.

Аудан орталығынан шалғайда жатқан Айдарлы ауылынан басталған кездесуде ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері айтылды. Әрбір елді мекендегі халықтың мәселесін шешу күн тәртібінен түспейтіндігін жеткізген Мұрат Нәлхожаұлы көтерілген проблемалар өзектілігіне қарай оң шешімін табатынын айтты.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында халықпен тығыз байланыс орнату бойынша нақты тапсырмалар берді. Біздің алдымызда бірінші кезекте халықты ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету және білім сапасын жақсарту міндеті тұр. Қалған мәселелерді біз басымдық тәртібімен шешетін боламыз. Бұл жерде екі басты қағиданы қолдану қажет: әділеттілік пен ашықтық, - деді аудан әкімі өз сөзінде.

Айдарлы тұрғындары білім беру және әлеуметтік саладағы негізгі проблемаларды көтерді. Жолданған сауалдарға тиісті жауаптар берілді.

Сонымен қатар, басқа да мәселелерді зерттеп, қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес оң шешім қабылдануына ықпал ететінін жеткізді.






Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
18 мамыр 2022 ж. 713 0