Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Әкімдер есебі басталды

Әкімдер есебі басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің ха­лықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәй­кес ауданда кент және ауылдық округі әкімдерінің есебі басталды. Есеп беру жиыны кеше Айдарлы, Жетікөл, Шір­кейлі, Н.Ілиясов, Қалжан ахун, С.Сейфуллин ауылдық ок­руг­терінде ұйымдастырылды.

Жиында әкімдер жыл бойы атқарған жұмыстарын баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Бұл жолғы есепті кездесудің форматы бұрынғыдан өзгеше. Яғни әкім баяндамасы қысқа әрі нұсқа болады. Оның орнына тұрғындардың сұрақ қо­йып, жауап алуына көп уақыт бөлінеді.

Ауылдарда өткен есепті жиындарда бірқатар маңызды мәселе талқыланды. Тұрғындар әдеттегідей кәсіпкерлік саласын дамыту, мал жайылымдық жерлерді ретке келтіру, тозығы жеткен ауылішілік жолдарды жөндеу, жарық бағаналарын орнату, жаяу жүргіншілер жолын салу секілді мәселелерге назар аударды. Тұр­ғындар тарапынан қойылған сұрақтарға ауыл әкімдері мен аудан әкімінің салалық орынбасарлары жауап берді. Жиындар хаттамаланып, көтерілген мәселелердің орындалуы бақылауға алынады.

Бүгін әкімдердің есеп беру жиыны Аманкелді, Бесарық, Шаған, Іңкәрдария, А.Тоқмағамбетов ауылдық округтерінде өткізілуде. Ертең Қоғалыкөл, Ақжарма ауылдық округі әкімдері халықпен кездессе, 21 сәуір күні Тереңөзек кентінің әкімі жыл бойы атқарған және алдағы уақытта аудан орталығын дамыту бағытындағы жоспарларын баяндайды.


«ТТ» ақпарат
19 сәуір 2022 ж. 476 0