ДӘНЕКЕРЛЕУШІ МАМАНДЫҒЫН ИГЕРУДЕ
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында Сырдария ауданындағы агро-техникалық колледж базасында 25 азамат газ-электр дәнекерлеуші мамандығын игеріп жатыр. Ауданның әр ауылынан мамандық алу үшін келген азаматтарға стипендия төленуде және жолақы мен тамақ мәселесі
шешілген. Курс оқушылары қажеттіліктеріне орай жатақханамен де қамтылған.
– Республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, өндірістік тәжірибеде қолданылатын замануи құрал-жабдықтар мен арнайы киім алынды. Қазір қысқамерзімді курстың теориялық кезеңі аяқталып қалды. Енді аз күнде оқушылар тәжірибе жинауға жіберіледі,- дейді колледж директоры Д.Қожахметов.
Аудандағы тапшы мамандықтарды анықтау үшін жүргізілген мониторинг нәтижесінде жұмысшы кәсібін игергендер мамандарға сұраныс жоғары екенін көрсетті. Колледж дайындап жатқан газ-электр дәнекерлеуші мамандар болашақта еңбек нарығынан өз орнын алатынына сенім мол. Өйткені алдағы уақытта
облыстың басқа аудандары сияқты Сырдария ауданына да газ келеді. Сол кезде өз ісін меңгерген мамандарымыз әзір тұрады. Шілде айында қысқамерзімді курс аяқталып, алғашқы түлектер қолдарына құжат алады.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.