Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КӘСІПКЕРЛІКТЕН ЖАСТАР ШЕТ ҚАЛМАУЫ ТИІС

КӘСІПКЕРЛІКТЕН ЖАСТАР ШЕТ ҚАЛМАУЫ ТИІС


Жалпы, Қазақстан экономикасының не­­­­гізгі бөлігі салық базасының кеңеюінен құралады. Кәсіпкерлердің жұмыстары оңтайлы жүзеге асуы үшін бүгінгі таңда түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы тиімді қызметтер көрсетілуде. Соның бір дәлелі «Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылға арналған бағдарламасы өңірлерде қарқынды жүзеге асуда. Осы ретте аталмыш бағдарламаның тиімді жақтарын өз игілігіне пайдаланып, кәсіп көзін ашып, жұмыспен қамтылғандар қаншама. Биылғы жыл кәсіпкерлікті қолдау жылы ретінде халыққа тиімді жақтары кеңінен түсіндіріліп, жастарға кәсіп ашудың тетіктері үйретілуде. Аталмыш бағдарламаның ауданда қай деңгейде жұмыс жасап жатқаны жайлы «Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу» бөлімінің басшысы Ғалымжан Әкбаровпен сұхбаттасқан едік.

– Жоғарыда аталған бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету барысында қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
– Бұл бағыт негізінде биылғы жылы аудан бойынша 100 адамға жоспарланып республикалық бюджеттен 26400,0 мың теңге қаржы қаралып, бүгінгі күнге қажетті мамандықтар тізбесі бағдарламаны іске асыру жөніндегі өңірлік комиссияда қаралуда. Осы оқу жылында мерзімі 10 айлық кәсіби оқуға аудандық білім бөлімі арқылы 25 бала Сырдария аграрлық-техникалық колледжінде дәнекерлеуші мамандығы бойынша қабылданып, оқуларын жалғастыруда.
– Бағдарламаның екінші бағыты жаппай кәсіпкерлікті дамыту деп аталатыны белгілі. Ендігі кезекте осы бағыт бойынша қандай жоспарлар жүзеге асады?
Үстіміздегі жылы бағдарламаның «Бастау-бизнес» жобасына сәйкес 180 адам оқытылады деп жоспарланған. Аудан бойынша 78 адамды несиелендіру көзделіп отыр.
     – Бүгінде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамытуда арнайы бөлімдер арқылы жұмыстар қай деңгейде?
   – Жастар практикасына республикалық бюджеттен 25252,0 мың теңге және облыстық бюджет есебінен 7215,0 мың теңге, барлығы 32467,0 мың теңге қаржы қаралып, 90 жас маман тәжірибеден өтуге жоспарланып, бүгінгі күнге 117 жас мамандықтары бойынша түрлі салаларға жолданды.
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға республикалық бюджеттен 9362,0 мың теңге қаржы қаралып, 30 адамды ұйымдастырылған әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу жоспарланса, қазіргі таңда 4 мекемеге 12 азамат жолданды.
Ақылы қоғамдық жұмыспен 400 жұмыссызды қамту белгіленіп, жергілікті бюджеттен 27810,0 мың. теңге қаржы қаралып, бүгінгі күнге 111 адам қоғамдық жұмысқа жіберілді.
Жұмыс берушілердің 9 сұранысына сәйкес 1 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 31 жұмыссыз азаматтар қатысып, нәтижесінде 9 адам тұрақты жұмыс орындарына орналасты.      
     – Мүмкіндігі шектеулі жандар бағдарламадан тысқары қалып жатқан жоқ па?
  – Жоқ. Оларды икеміне қарай тұрақты жұмысқа орналасты- ру үнемі аудан басшысының назарында. Қысқасы, жыл өткен сай- ын кәсіптен нәсіп тапқысы келетін жандар қатары көбеюде. Көбі ата кәсіп мал бағытына бет бұрса, бақша егуге ниетті жандар да аз емес. Аудан бойынша 30 мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тұрақты жұмысқа орналастыру жоспарланған болса, жыл басынан 2 мүмкіндігі шектеулі азамат тұрақты жұмысқа орналасты.    
– Сұхбатыңызға рахмет.
Сұхбаттасқан Б.ОРДАБЕКОВ
08 наурыз 2018 ж. 1 173 0