Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ерлік – ұрпаққа мұра

Ерлік – ұрпаққа мұра

Аудан орталы­ғындағы «Ең­бек Даңқы» мұра­жайында аудан көлеміндегі Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне ар­налған арнайы экспозиция бар. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында ашылған мұражай филиалында тарихтан сыр шертетін ар­найы сөренің орналастырылуы орынды.

Алғашқы екі шағын витринада сұрапылды көзбен көрген аудан азаматтарының медальдары орналастырылса, үлкен витринада отты жылдары майдан даласында болған батыр бабалардың суреті қойылған. Аталған витринаға әр ауылдан бір батырдың суреті орналастырылған. Мұражайға бас сұққан жан арнайы вит­ринадан Н.Ілиясов, Ж.Нұрсейітов, Б.Өтепов, Б.Оспанов, Ж.Нұрышев, Е.Шүкіров, Т.Асқаров, Б.Өкшебаев, С.Баяханов, Ш.Оспанов, Д.Сақтағанов, У.Әбдуов, С.Мұхымов, Ж.Әлекеев, С.Теңізбаев, Д.Арыстанбековтердің суретін көре алады.

ҰОС жылдары Қазақстан 1млн 200 мың адамды майданға аттандырса, олардың 630 мыңы соғыс алаңынан қайта оралмаған. Ерен ерліктің үлгісін көрсетіп, жанкештілікпен жан аяп қалмағаны үшін 449 жауынгер «Кеңес Одағының батыры» атағын алған. Ең жоғары дәрежелі марапатты біздің ауданымыздан екі азамат – Нағи Ілиясов пен Жаппасбай Нұрсейітов алғанын мақтанышпен атап өткеніміз жөн. Аудан еңбекшілері елді қорғау жолында бір кісідей сапқа тұрған. Екі мыңға жуық жерлесіміз майдан даласында ерлікпен қаза тауып, елге оралмаған. Батыр бабалардың рухын ұлықтап, кейінгі ұрпаққа үлгі ету мақсатында ұйымдастырылған мұражай сөресінде батыр жерлестеріміздің төсбелгілерімен қоса майдан даласынан келген қол сөмке, қол сағат және Ұлы Жеңістің 50 жылдығына орай берілген радиоқабылдағыш сақталған. Аталған жәдігерлер мұражай келушілерінің қызығушылығын әрі бойындағы мақтаныш, ұлтжандылық сезімін туғызары анық. Осындай арнайы көрме-сөрелер қатары Ауған соғысы ардагерлеріне, Семей ядролық полигонына және Чернобыль апатына арналып жасалған құнды жәдігерлермен толықтырылып, жалғас тапқан.

– Мұражайдың ғылыми қызметкерлері батыр аталарымыздың үйіне, ұрпақтарына арнайы жолығып, қалған жәдігерлерді мұражайға өткізулерін сұрап, жинақтаған. Майдан даласын көзбен көрген батырлардың кейінгі ұрпағы «атамыздың аты өшпесін» деп, мұндай заттарды мұражайға арнайы алып келіп жатады. Кез келген сырттан келген мейман елдің болмыс-бітімімен, тарихи тұлғаларымен, көне жәдігерлерімен танысқысы келсе, мұражайға бас сұғары анық. Мұражай – өлкенің тарихы, халықтың қазынасы, – дейді мұражай экскурсоводы.

Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ
07 мамыр 2022 ж. 648 0