Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Сенбілік – тазалық таразысы

Сенбілік – тазалық таразысы

Тазалықты жанына серік еткен сырдариялықтар сенбі күні кент және аудан елді мекендерінде санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру жұмыстарына белсене қатысты.

Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан қызу тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді. Соның ішінде, кент кіре беріс аймағын, орталық көшелер мен "Майжарма", "Айтбай " канал айналасын толық қамтыған тазалық жанашырлары қоқыс қалдықтарын шығарып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосты.

Атап өту қажет, бүгінгі сенбілік аясында 8 арнайы техника қамтылып, аудан бойынша каналдар мен арықтар, жол жиектері тазаланып, бей-берекет тасталған күл қоқыстар шығарылды.

Сенбілік тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.
17 сәуір 2022 ж. 941 0