Жер мәселесіне қатысты түсіндірмелер беріліп келеді
Қызылорда облысы, Сырдария ауданының А. Тоқмағамбетов ауылындағы “А. Тоқмағамбетов Жер” ЖШС-нің құрамынан шығу туралы үлескерлердің мәселесі туындаған болатын.
Үлескерлер мен ауыл тұрғындарының мәселесіне қатысты аудан әкімі Мұрат Ергешбаев, аудан прокуроры Асқар Кемалов арнайы барып тиісті қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес түсіндірме берді.
Үлескерлер мен құрылтайшылардың арасында бірнеше сот процестері өткен. Сот шешіміне сәйкес, үлескерлердің жерді бөлу туралы жалпы жиналыстары да өткен.
Аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлы қолданыстағы заң талаптарына сәйкес, жер бөлу, төраға сайлау секілді шаруашылықтың ішкі жұмыстары үлескер мен серіктестік немесе шаруа қожалықтары арасында шешілетіндігін жеткізе отырып, өзара ортақ келісімге келісімге келіп, егіс жұмыстарына бірлесе атсалысуға және ауыл тұрғындарын сабырлыққа шақырды. Ең алдымен үлескерлердің, яғни, халықтың сұранысы қанағаттандырылу керектігін, барлық тараптардың құқықтарының тең сақталу қажеттігін атап өтті.
Аудан прокуроры Асқар Жаметұлы өз кезегінде тиісті заң нормалары мен сот шешімдеріне қатысты түсіндірме берді.
Ортақ келісімге келмеген жағдайда, барлық шаруашылықтың ішкі жұмыстары мен тараптардың мәселесі сот тәртібімен шешілу қажеттігін, заңсыз әрекетке бармауды ескертті.
Сырдария ауданының әкімдігі