Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҮЛЕСКЕР НЕНІ БІЛУІ ТИІС?

ҮЛЕСКЕР НЕНІ БІЛУІ ТИІС?


  Үлескер болу үшін салынып жатқан үйдің заңды не заңсыз екенін анықтау үшін: Құрылыс компаниясының «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының» кепілдігі болуы шарт. Егер кепілдік болмаса, құрылыс компаниясының үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаты болуы тиіс. Бұл ақпаратты жергілікті  әкімдіктен нақтылап алу қажет. Заң бойынша құрылыс компаниясы әкімдіктен тек екі жағдайда ғана үлескерлер қаржысын тартуға рұқсат ала алады: Компания жоба құнының 40–60 пайызы көлемінде өз қаржысына ғимараттың қаңқасын тұрғызуы тиіс. Банктен қаржы тартуы қажет. Біле жүріңіз… Егер құрылыс салушы Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының кепілдігін көрсетпесе, ал әкімдік бұл нысан бойынша тиісті шешім берілмегенін айтса, ол құрылысқа қаржы салу қауіпті. Бұл жағдайда заң бойынша құрылыс компаниясының үлескерлерден қаражат тартуға құқығы жоқ. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңының 8-бабына сәйкес құрылыс салушы және жобалық компания әлеуетті үлескерге төмендегі мынадай ақпараттарды міндетті түрде беруі тиіс: Құрылыс салушы мен жобалық ұйымның тұрғылықты мекенжайы және атауы; Заңды құрылтайшы-тұлғаның атауын және жеке құрылтайшы-тұлғаның аты, әкесінің аты, тегі толық жазылып, құрылыс салушының, жобалық компанияның құрылтайшылары туралы мәлімет; Заңды тұлғаның — құрылыс салушының, жобалық компанияның мемлекеттік тіркелімі (қайта тіркелу) туралы анықтамалар; Үлескерлердің қаражатын тартумен тұрғын үй ғимаратының құрылысын салу қызметіне жобалық компанияның лицензиясы; Белгіленген нысандардың мекенжайын, оны пайдалануға беру мерзімін көрсетумен үш жыл ішінде құрылыс салушы жүзеге асырған тұрғын үй ғимаратының құрылыс жобалары; Жер учаскесіне құрылыс салушының, жобалық компанияның тиісті құқықтарын заңды түрде растайтын қажетті құжаттары (жерге құқықты ұсыну туралы әкімдіктің шешімі); Құрылыс салушының және жобалық компанияның соңғы жылда тұрғын үй құрылысына кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру туралы аудиторлық қорытындысы. Бұдан басқа құрылыс салушы және жобалық компания салынатын нысан туралы мына ақпараттарды ұсынуы тиіс: МСҚК-і берген кезең бойынша құрылысқа рұқсатнама; Жобалық/жобалық-сметалық құжаттаға сәйкес нысандарды бейнелеу және оның мекенжайын көрсету; Құрылыс кезеңі және оның аяқталу мерзімі туралы мәлімет; Бас мердігер туралы негізгі мәліметтер.


https://aqmeshit-zhastary.kz/
07 қараша 2018 ж. 1 344 0