Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№34 газет

09 мамыр 2026 ж.

№33 газет

05 мамыр 2026 ж.

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Облыс әкімі «Ақжарма және К» фермер қожалығының жұмысымен танысты

Облыс әкімі «Ақжарма және К» фермер қожалығының жұмысымен танысты

Кеше облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сырдария ауданында болып, бірқатар нысандардың жұмысымен танысты.

Ең әуелі Ақжарма ауылдық округінде орналасқан «Ақжарма и К» фермер қожалығының күріш ақтау цехына және мамандарына арналып салынған тұрғын үйлерді көрді. Мұнда мамандар тәулігіне 60 тонна күріш ақтайды. 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Қожалықты жеке кәсіпкер Қайрат Нұрсейітов өз қаражаты есебінен салған. Кәсіпорында жұмыс істейтін мамандарға арналған тұрғын үйлер пайдалануға биыл берілген. Облыс әкімі мемлекет тарапынан ынталы кәсіпкерлердің жобаларын әрдайым қолдайтынын жеткізді. Сонымен қатар аймақ басшысы орталық алаңда ауыл ақсақалдарымен кездесіп, пікірлесті.


Сырдария ауданының әкімдігі


28 сәуір 2022 ж. 789 0