Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауданда күріш ақтау зауыттары ашылды

Ауданда күріш ақтау зауыттары ашылды

Аудан әкімі М.Ергешбаев Шаған, Ақжарма ауылдарында жұмыс сапарымен болып, күріш ақтау зауыттарының ашылу салтанатына қатысты.

Елеулі мерекелер қарсаңында ауданның жаңа кәсіпкерлік нысандарымен толығуы көңіл қуантарлық жағдай. Бұл дегеніміз - жаңадан жұмыс орындары ашылып, аудан тұрғындары сапалы қызметті тұтыну мүмкіндігіне ие болатындығының нақты көрінісі.

Аудандағы кәсіпкерлік саласының кеңінен қанат жайып, өркендеуіне жеке кәсіпкерлердің қосар үлесінің зор екендігі белгілі. Оның дәлелі ашылып отырған күріш өңдеу зауыттары.

«Шаған» шаруа қожалығының күріш ақтау зауыты жылына 630 тонна, «Ақжарма» күріш ақтау зауыты күніне 50 тонна күріш ақтайды. Зауыттар 15-20 адамды жұмыспен қамтып отыр. Зауыттардың құрылысы толық аяқталып, күріш ақтау диірмендері орнатылған, қоймалары дайын.

Жаңа зауыттардың ерекшелігі – күрішті ақтаумен қатар, мал шаруашылығыда жемдік мақсатында пайдаланылатын күріш қауызын ұнтақтап, қалдықсыз өнім шығаруға бейімделген.

«Ақжарма -1» фермер қожалығының бастамасымен 2016 жылы 10,0 млн теңге өз қаражаты есебінен 10 га жерге алма, алмұрт, жүзім, өрік ағаштары отырғызылды. Алма сорттары крепоон-300 түп, Боровинка-184 түп, Конфетка-50 түп, голден-487 түп, дәстүр-50 түп, лесная-100 түп, талгарская-100 түп ағаштары отырғызылған. Қазіргі уақытта жеміс беруде.

Аудан әкімі жаңа нысандар ел игіліне пайдаланылатын, ауданның дамуына үлес қосатын орынға айналсын дей отырып, зор табыс тіледі.

28 қазан 2021 ж. 492 0