Еңбек ел бағасымен өлшенеді
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес кеше Н.Ілиясов ауылдық округінде есеп беру жиыны өтті.
Есеп беру жиынына облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ш.Қойшыбаев, облыстық мәслихат депутаты Ж.Нұрымбетов, аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары, ауыл тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Есеп беру жиынында Сырдария ауданының әкімі Р.Рүстемов 2019 жылы аудан бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады. Өткен жылы жүзеге асырылған жұмыстар туралы кеңінен айтып өткен аудан басшысы алда тұрған мақсат-міндеттерге тоқталып, жоспарлы жұмыстарды бірлесе атқару қажеттігін атап өтті.
Есеп беру жиыны барысында ауылдық округінің әкімі С.Нұрмағанбетов, учаскелік полиция инспекторы Н.Қасымханов есепті мерзімде атқарған жұмыстарының есебін берді.
Негізгі баяндамалар тыңдалғаннан кейін аудан басшысы тұрғындардың ұсыныстарын тыңдап, тиісті жауаптар берді.
Айта кету керек, Н.Ілиясов ауылдық округінде есепті мерзімде 64 кәсіпкерлік субьектісі тіркелген. Оның ішінде, жұмыс жасап тұрғаны 59 немесе 92,1 пайызды құрайды. Ауылдық округте 16 тыл ардагері, 187 зейнеткер, 26 «Алтын алқа» және 46 «Күміс алқа» иегерлері бар. Экономикалық белсенді халық саны 1008 адамды құрайды.
"ТТ"-ақпарат