Саран саябағында бүлік шығарған жасөспірімдер ұсталды
Саран қаласының ІІБ-нің қызметкерлері саябақта бүлік шығарған мәдениет мұраларын талқандаушылардың аты-жөнін анықтады. Бұл туралы Қарағанды облысының ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kzақпараттық агенттігі хабарлайды.
«Жақында әлеуметтік желілерде Саран қаласының саябағында белгісіз адамдар бүлік шығарған. Аталған факт ішкі істер органдарының қызметкерлерімен ғана емес, сонымен бірге қала әкімінің де бақылауына алынды», – делінген хабарламада.
Бақылау камераларынан алынған видеоға сәйкес полиция қызметкерлері орындықтар мен қоқыс жәшіктерін айналшақтап жүрген жасөспірімдердің аты-жөнін анықтады. Саябақта бүлік жасаған балалар қоқыстарды лақтырып, мәдениет мұраларына зиян келтірген.
Кәмелетке толмаған балалардың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылады, ал жасөспірімдер алдын-ала есепке алынады.
Болашақта жасөспірімдердің бұл әрекеті алдын алу кеңесінде қаралатын болады.