Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар семіздіктің жұғатынын дәлелдеді

Ғалымдар семіздіктің жұғатынын дәлелдеді


Оңтүстік Калифорния университеті дәрігерлері семіздікке инфекциялық аурулардың белгілері тән екенін анықтады. Яғни семіз адамдармен жиі араласатын адамдардың уақыт өте келе салмағы артады. Ғалымдардың осы тақырып төңірегінде жазылған мақаласы JAMA Pediatrics журналында жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru сайтына сілтеме жасап.
Статистикалық анализ жүргізу үшін мамандар M-TEENS жобасы аясында алынған мәліметтерді пайдаланды. Аталған мәліметтер тамақтану мен қоршаған ортаның жасөспірімдер денсаулығына әсері тақырыбында жазылған. Ғалымдар АҚШ әскери базасында қызмет ететін ата-аналарымен (1 300 ересек адам) бірге 1 111 баланың дене салмағына қоршаған ортасының қалай әсер ететінін зерттеді.
Осы зерттеудің нәтижесінде Колорадо штаты Эль-Пасо қаласының 21% жасөспірімі, Луизиана штаты Верноне қаласының 38% жасөспірімі артық салмақтың зардабын тартып жүргені анықталды. Жалпы жасөспірімдердің ¼, ал ересектердің ¾ бөлігі артық салмаққа душар болған. Зерттеу кезінде еріктілердің жасы, табысының мөлшері және әскери шені ескерілген. Мысалы, әскер қатарында қызметте жүрген әрі семіздікке шалдыққан ересек таныстары бар жасөспірімдер де артық салмақ жинап отырған.
Мұны базаға жақын маңда мейрамханалардың орналасуымен түсіндіруге болады. Десе де, ғалымдар негізгі фактор ретінде адамдар арасындағы қарым-қатынасты алып отыр.
25 қаңтар 2018 ж. 1 756 0