Ағаш отырғызу жұмыстары қарқынды
Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарап, көркейтіп-көгалдандыру – әрбір азаматтың міндеті. Сондықтан сенбілік жұмыстарында қоғамның назарын тазалық сақтауға аударудың маңызы зор.
Бүгін ауданда «Таза табиғат» ұлттық жобасы аясында төңіректің санитарлық жай-күйін қалыпты сақтау мақсатында тазалық шаралары белсенді түрде өткізілді. Аудан көлемінде қызу жүргізілген шараға тұрғындар, мекеме ұжымдары атсалысып, ағаш отырғызу жұмыстары қарқынды жүруде.
Атап айтқанда, мекеме қызметкерлері тазарту жұмыстарын жүргізіп, көшелерді күл-қоқыстан арылтты. Сондай-ақ Ғ.Мұратбаев көшесі бойындағы саябаққа жаппай ағаш егу жұмыстарына атсалысты. Бұл жерге 1000 түп көшет отырғызылса, Тереңөзек кентіне кіреберіс А.Иманов көшесі бойына да 1500 түп ағаш егілді. Жалпы, бүгін аудан көлемінде 3000-ға жуық көшет отырғызылды.
Аудан тұрғындарды тұрғылықты жердің тазалығына аса мән беріп, рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс қалдықтарын тастамау қажет. Сырдариялықтарды ауданның көркейіп, гүлденуіне үлес қосуға шақырамыз.
Е.БЕРКІНБАЕВ