Бірінші тоқсан қорытындыланды

Баспасөз мәслихатында сот төрағасы Р.Алдамбергенов соңғы 3 айда сот саласында атқарылған жұмыстарға тоқталды.
– Жалпы 2022 жылдың 1 тоқсанында 16 қылмыстық іс 17 адамға қатысты қаралды. Оның ішінде 8 іс бойынша 9 адамға үкім шығарылса, 4 адамға қатысты 4 іс қысқартылды. 3 іс соттылығы бойынша жолданса, 1 іс прокурорға қайтарылды. 2022 жылдың 1 тоқсанында сот өндірісіне 74 талап арыз түсті. Есепті кезеңде барлығы 57 азаматтық іс қаралды. Оның ішінде, 10 іс бойынша сот бұйрығы, 32 шешім қабылданды. 12 іс өндірістен тоқтатылды. 2 іс қараусыз қалдырылып, 1 іс соттылығы бойынша жолданып, 15 іс қалдыққа қалды. Өткен жылмен салыстырғанда түскен арыздар мен істердің саны 46-ға (62 %), қаралған істердің саны 34 іске (37,4%) азайды. Осы мерзімде аудандық соттың өндірісіне 57 әкімшілік іс түсті. Түскен әкімшілік істердің ішінде 50 адамға әкімшілік жаза қолданылып, 7 адамға қатысты іс тоқтатылған. Барлығы медиаторлардың қатысуымен 10 (17,5%) азаматтық іс, 4 (7%) әкімшілік іс, 4 (7%) қылмыстық іс аяқталды. Билер кеңесінің көмегімен 2 (3,5%) азаматтық іс тоқтатылды. Сонымен қатар есепті мерзімде «Сот кабинеті» сервисі арқылы 60 (80%) талап арыз, 46 (81%) әкімшілік іс және электронды түрде 21 қылмыстық іс түсті, – деді аудандық сот төрағасы Р.Алдамбергенов.
Өз кезегінде сот төрағасы мал ұрлығына байланысты ақпаратпен бөлісті. Күн сайын бірнеше арыз-шағыммен жұмыс жасайтын сала мамандары халық игілігі үшін әділ шешім шығаруды көздейді. Аудандық сот төрағасы баспасөз мәслихатының соңында қойылған сұрақтарға жауап берді.
Балтабай ОРДАБЕКОВ