Көгалдандыруға мән берілуде

Осы ретте, Тереңөзек кентіндегі И.Тоқтыбаев көшесінің «Қызылорда-Жалағаш» тас жолымен қиылысатын бөлігінде тал отырғызу жұмыстары жыл сайын жүргізіледі. Дегенмен осы маңдағы ағаштар көктемейді.Осыған орай биыл ағаш отырғызылатын жерге құнарлы топырақ, көң салу жұмыстары жүргізілуде. Мұндай жұмыстар нәтижесінде жер құнарлылығы артып, көшеттердің көктеуіне септігі зор.
Тереңөзек кентінің жасыл желекке айналуына бірге атсалысайық!